Хоккей • 03 Қараша, 2022

ҚХЛ: «Барыс» «Адмиралмен» мұз алаңға шығады

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы чемпионатының үй сериясы аясында Владивостоктан келген «Адмирал» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚХЛ: «Барыс» «Адмиралмен» мұз алаңға шығады

Айта кетсек, бұл командалардың осы маусымдағы екінші бетпе-бет кездесуі. 13 қазанда өткен бірінші кездесуде қазақстандықтар 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Владивосток командасы жақсы ұпай жинап келеді, бұл хоккейшілердің турнирлік жағдайына әсер етті. 

«Барыс» 1 қарашада «Сібір» командасын өз алаңда қабылдап, 3:1 есебімен жеңді. Жеңіс шайбаларын Джереми Бракко, Линден Вей және Кирилл Савицкий соқты.

«Барыс» – «Адмирал» жекпе-жегі Астана уақыты бойынша 19:30-да басталады.