Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 2,96 теңгеге көтеріліп, 463,60 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 3 қарашадағы ресми бағамы 1 долларға - 460,56 теңгені құрайды.
Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 464,83 теңгеден сатып алынып, 468,24 теңгеден сатылуда. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 465,83 теңге, сату – 469,65 теңге.