«Балабақша меңгерушісі мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруға арналған «Балапан» бағдарламасы бойынша бөлінген 19,3 миллион теңге бюджет қаражатын заңсыз иемденген», делінген хабарламада.
Балабақша меңгерушісі балалардың сабаққа қатысу есебіне жалған мәліметтер енгізген. Бұл заңсыз әрекет 2019 жылдан 2021 жылға дейін 3 жыл бойы жүргізілген.
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті үш балабақша меңгерушісі болып қызмет еткен азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Мемлекетке келтірілген 19,3 млн теңге залал толығымен өтелді.