Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінен хабарлағандай, Сұлтан Бейбарыс даңғылында көлік жанып тұрғаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына келгеннен кейін қызмет көрсету орталығының жанында «Gazelle Necht» маркалы автокөліктің ашық отпен жанып тұрғаны анықталды. Өрт салдарынан жалын жақын маңдағы «Mercedes» маркалы автокөлікке тарады. Өрттің себебі анықталуда.
Жалпы жыл басынан бері өңірде 66 автокөлік өртенді.
«Құрметті автокөлік иелері, автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауыңызды сұраймыз және өрт сөндіргіштер әр машинада болуы керек екенін еске саламыз», делінген өңірдің ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.