Қазақстандық Жанель Рүстемова бастапқы кездесуін Түркия өкілі Лейла Елмазға қарсы өткізіп, 6:3, 6:0 есебімен жеңіске жетті.
Енді екінші айналымда жас теннисші жарыстың 5-ші ракеткасы, ресейлік Анна Урекемен шеберлік байқасады.
Тағы бір қазақстандық Аружан Сағындықова үш сетке созылған тартысты бәсекеде швейцариялық Катерина Цыгурованы 5:7, 7:5, 6:4 есебімен ойсырата жеңді.
«Ширек финалға жолдама алу үшін Аружан швециялық Юлия Локвистпен кездеседі. Ол сонымен қатар жұптық сында да сәтті өнер көрсетіп келеді. Сағындықова тайбэйлік Ю-Юн Лимен бірге чехиялықтар Изабелла Хензова – Луча Застерованы 6:2, 7:6 (7:2) есебімен тізе бүктіріп, ширек финалға жолдама алды», делінген ҚТФ хабарламасында.
Ал Сандуғаш Кенжебаева алғашқы айналымда жекелей сында чехиялық Дениса Хардинковаға 1:6, 1:6 есебімен есе жіберді.