«Алтыншы ай қатарынан индекс теріс аймақта қалып отыр. Қазан айында экономикадағы іскерлік белсенділік қалпына келді. Жаңа тапсырыстардың өсуіне және жекелеген секторлардағы жұмыспен қамту деңгейіне байланысты іскерлік белсенділік индексі қыркүйектегі 48,2-ден 49,1-ге дейін өсті», делінген Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланған хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, тау-кен өнеркәсібінде индекс 50-ге, құрылыс және қызмет көрсету салаларында сәйкесінше 47,5 және 49,2-ге дейін жақсарды. Өңдеу өнеркәсібінде көрсеткіш өзгеріссіз қалды – 48,5.
2022 жылдың қазан айында бизнестің ағымдағы жағдайын бағалау соңғы 5 айда алғаш рет оң көрсеткіште болған. Алдағы 6 айға арналған болашақ бизнес жағдайларын бағалау да жақсарған.
Нәтижесінде бүгінгі және келешектегі бизнес-жағдайларды орташа бағалауды білдіретін бизнес-ахуал индексі ұлғайып, бизнес-цикл «сағатының» индикаторы көтерілу аймағынан өсу аймағына өткен.
Сондай-ақ кәсіпорындардың бағалауы бойынша, дайын өнімге деген сұраныс жақсарған.