Қазақстан • 04 Қараша, 2022

Түрік әуе компаниясы Алматы-Анкара бойынша тұрақты рейс жүргізеді

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түрік әуе компаниясы «Pegasus Airlines» Алматы-Анкара бойынша тікелей рейстер жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түрік әуе компаниясы Алматы-Анкара бойынша тұрақты рейс жүргізеді

Бұған дейін Президент тапсырмасы бойынша Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы мәселелері бойынша Түркияның авиациялық билік орындарымен келіссөздер жүргізілген. Нәтижесінде тараптар маршруттарды, рейстер санын екі есеге және тасымалдаушыларды көбейту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізген.

Осы жұмыстың нәтижесінде «Pegasus Airlines» түрік авиакомпаниясы осы жылдың 1 қарашасынан бастап Алматы - Анкара бағыты бойынша жаңа рейсті іске қосты, қазақстандық жолаушылар Түркия астанасына тікелей рейстермен саяхаттауға мүмкіндік алды.

Алматы - Анкара арасындағы тұрақты рейстер А320 және Б737 типті әуе кемелерінде сәрсенбі және сенбі күндері аптасына 2 рет орындалады.