Экономика • 04 Қараша, 2022

Қазақстандағы орташа жалақы белгілі болды

622 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда жалақының орташа мәні 2022 жылдың IІI тоқсанында 299 782 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандағы орташа жалақы белгілі болды

Бұл былтырғымен салыстырғанда өсім 23,0%-ды, нақты мәнде – 5,8%-ды құрайды. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2022 жылғы ІIІ тоқсанда бағалау бойынша 189 018 теңгені құрады.

Еңбек статистикасы және өмір сүру деңгейі департаментінің директоры Наталья Белоносова түсіндіргендей, алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда ІІІ тоқсандағы жалақы деңгейі әдетте төмендеп отырады. Бұл үрдіс жыл сайын екінші тоқсан уақытына дөп түсетін маусымдық (демалыс төлемдері, маусымдық жұмыстар) жайттарға байланысты.

у

«Екінші тоқсанмен салыстырғанда жалақы деңгейі 3,9 пайыздық тармаққа төмендеді. Мұндай өзгерістер жыл сайын байқалады. Жалақының орташа мәнін есептеу кезінде табыс салығы, зейнетақы және басқа да әлеуметтік аударымдар сияқты төлемдердің барлық түрі ескеріледі», дейді Наталья Белоносова.

в

Жалақының өсу динамикасы барлық салада байқалған. 2021 жылмен салыстырғанда ең жоғары өсім – құрылыс саласында 34,5%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 31,3%, көлік және қоймалау – 31,1% болған. Ал төмен көрсеткіш денсаулық сақтау (5,5%) мен халыққа әлеуметтік қызмет көрсету (8,9%) саласында көрініс тапқан.