Спорт • 05 Қараша, 2022

Қазақстан джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында алтын еншіледі

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасы джиу-джитсудан БАӘ-де өткен әлем чемпионатында екінші алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында алтын еншіледі

Қазақстан Республикасының джиу-джитсу қауымдастығының мәліметінше, Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатында Самат Сәрсенұлы 56 келіге дейінгі салмақта «алтын» жеңіп алды.

Бұған дейін джиу-джитсудан әлем чемпионатында Руслан Исраилов 85 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған еді.