Бокс • 05 Қараша, 2022

Бокстан Азия чемпионатында тағы бір қазақстандық жартылай финалға шықты

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Жайна Шекербекова Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бокстан Азия чемпионатында тағы бір қазақстандық жартылай финалға шықты

сурет: sports.kz

54 келіге дейінгі салмақта 1/4 финалда Жайна Шекербекова жапондық Хана Наритамен кездесіп, төрешілердің шешімімен (5:0) жеңіске жетті.

Жайна Шекербекова құрлық біріншілігінің жартылай финалында өнер көрсетеді. Ол кем дегенде қола жүлдеге кепілдік берді. Қазақстан әйелдер құрамасындағы турнирдің тағы төрт жартылай финалистері белгілі болды: Жазира Ұрақбаева (52 келі), Мәдина Нұршаева (66 келі), Гүлсай Ержан (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81 келі).