Бокс • 05 Қараша, 2022

Бокстан Азия чемпионатында ел қоржынына алтыншы медаль түсті

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бокстан Азия чемпионатында ел қоржынына алтыншы медаль түсті

сурет: sports.kz

Турнирдегі 57 келіге дейінгі салмақтағы алғашқы белдесуінде Карина Ибрагимованың қарсыласы оңтүстіккореялық Им Ае Джи болды. Қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, турнирдің жартылай финалына шықты. Биыл Карина Ибрагимова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 2022 жылғы Чемпионаттың жартылай финалына шыққан алты үміткер бар: Жазира Урақбаева (52 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Мәдина Нұршаева (66 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) мен Ләззат Күнгейбаева (+81 келі).