Теннис • 05 Қараша, 2022

Аружан Сағындықова Түркиядағы турнирдің чемпионы атанды

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 жастағы Аружан Сағындықова Түркияның Анталия қаласында ITF World Tennis Tour W15 турнирінің жұптық сынында чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аружан Сағындықова Түркиядағы турнирдің чемпионы атанды

Қазақстан теннис федерациясы жазғандай, Team Kazakhstan академиясының түлегі Аружан қытайлық Ю-Юн Лимен бірге жұптық сында үздік шықты. Қазақстандық-қытайлық жұп финалда ресейліктер, апалы-сіңлілі Анастасия мен Рада Золотареваларды тартысты бәсекеде тізе бүктірді – 7:5, 3:6, 10:4.

Аружан жекелей сында да тәуір өнер көрсетіп, ширек финалға дейін жетті.

«Қуанышымда шек жоқ, өйткені ересектер арасындағы ITF жарысында алғашқы титулыма қол жеткіздім. Сондықтан бүгін мен үшін ерекше күн болды. Маған сенім артып, қолдаған Болат Өтемұратов бастаған Қазақстан теннис федерациясына, бапкерім Руслан Мухамедзяновқа алғысымды айтамын», деді марапаттаудан соң Аружан Сағындықова.