Осыдан ондаған жылдар бұрын Түркістан аумағындағы Қарашық ауылының жанынан бірнеше гектар жер алып, шит септік. Өнім жаман болмады. Содан бері біздің «Тұран» шаруа қожалығы осы дақылды өсіріп, игілігін көріп келе жатыр. Қазір бүкіл ауылдың береке бастауына айналды десек, артық айтқандық емес. Өткен жылы 110 га алқаптың әр гектарынан 26 центнерден өнім жиналды.
Тек шитті мақта өсірумен шектелмей, шағын өндіріс көздерін де аштық. Бізде май, сабын, тағы басқа да заттар шығарылады. Өзімізде МТС бар. Тамшылатып суаруға арналған құралдарды да әзірлей береміз. Даму банкі арқылы несие алып, өндірістік желі аштық. Израильдің тәжірибесін үйреніп, жүзеге асырдық. Тамшылатып суарудың арқасында өнімділік үш есе артты. Биыл тамшылатып суаруды екі есеге көбейтеміз.
Шлангілерді шығару үшін Ресейден полиэтилен гранулдерін сатып аламыз. Бұл жұмыс Кеден одағына байланысты бұрынғыдан жеңілдей түскені сөзсіз. Қазір «Тұран» шығаратын барлық құрал-жабдықтарға деген сұраныс өте күшті. Шағын кәсіпорындарымыз тұрақты түрде табысқа қол жеткізуде.
Айта кетейік, әлі де шешімін таппаған бір мәселеміз бар. 2007 жылға дейін мақта өсіруден бастап, оны жан-жақты өңдеп, өнім түрлерін, құрал-жабдықтар шығаруға дейінгі жүйелеріміз жақсы еді. Иіру және тоқыма цехтарымыздың өнімдерін Қазақстан ғана емес, өзге елдер де таласып алатынға айналған. Өкінішке қарай, бірте-бірте ертеректе сатып алынған тоқыма станоктары моральдық тұрғыдан мүлде ескірді. Кеңестік жүйе кезінің дүниелері болғандықтан, оларға қажетті қосалқы бөлшектер де шығарылмайтын болды. Жабдықтарды түгелдей жаңартуымыз қажет-ақ. Ол үшін молырақ несие алуға тиіспіз. Бірақ, мәселе бірден шешілмеуге айналды. Себебі сол, мақта өсіруші ретінде біз Aуыл шаруашылығы министрлігіне қараймыз. Ал, «ақ алтын» өңдеу жағы Индустрия және жаңа технология министрлігіне қатысты болғандықтан, біздің өтінімдерімізді қарау кезінде осы екі ведомстволық құрылымның шенеуніктері өзара келісе алмай, бірі-біріне сілтейді. Міне, осындай кедергілер біраздан бері шешімін таппай отыр.
Германиядан келетін техниканы да таптық, шығынымыз бен табысымызды да мұқият есептеп қойдық. Амал қанша, жағдай жоғарыда айтқандай, шенеуніктер шешетін емес.
Елбасымыз кәсіпкерлікке, оның ішінде отбасылық бизнеске айрықша көңіл бөліп, үлкен қамқорлық жасап келеді. Біз Президентімізге ризамыз, қосымша өндірістер ашу үстіндеміз. Соңғы кездердегі жаңа талаптарға сәйкес екі министрлік бір-біріне сілтеместен, жанашырлықпен жол табады деп сенеміз.
Хабибулла АЗИМОВ,
«Тұран» шаруа қожалығының
басшысы.
Оңтүстік Қазақстан облысы.

Германия құрамасының қақпашысы әлем чемпионатында рекорд орнатты
Футбол • Бүгін, 11:55
Димаш Құдайберген өзінің LEGO-портретін жасаған оқушыларға лагерьге жолдама сыйлады
Қоғам • Бүгін, 11:53
Шымкентте сегіз жастағы қызға қырындаған ер адам айыппұлмен құтылды
Оқиға • Бүгін, 11:45
Қарасай ауданында жасырын есірткі зертханасы жойылды
Заң • Бүгін, 11:37
Дүкен сөрелерінде отандық өнім үлесі артты ма?
Экономика • Бүгін, 11:35
228 млн теңге шығын: Абай облысында пайдалы қазбаны заңсыз өндіргендер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:22
Эбола індеті өршіп барады: Конгода қауіпті вирус жұқтырғандар саны 782-ге жетті
Әлем • Бүгін, 11:10
Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді
Бокс • Бүгін, 10:45
Құмар ойын құрбаны: Атырауда «Махаббат рулеткасы» спектаклінің премьерасы өтті
Мәдениет • Бүгін, 10:33
Әлемдік туристік рейтингте Қазақстан нешінші орында?
Туризм • Бүгін, 10:10
Бүгін Испания Кабо-Верде құрамасымен кездеседі
Футбол • Бүгін, 10:07
АҚШ пен Иран келісімінен кейін мұнай арзандады
Әлем • Бүгін, 09:48
Рио-де-Жанейро аспанында екі тікұшақ соқтығысып, 6 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:33
Қазақстан триатлоншылары Азия чемпионатының алғашқы күнінде екі алтын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 09:22
Әлем чемпионаты: Швеция Тунистен басым түсті
Спорт • Бүгін, 09:18