Спорт • 06 Қараша, 2022

Адема Серікбай семсерлесуден әлем кубогының қола жүлдегері атанды

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда семсерлесуден World Cup Almaty Jastar Saber Cup 2022 турнирі басталды. Жеке жарыстың бірінші күнінде қазақстандық Адема Серікбай жеңіс тұғырында үшінші орынды еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Адема Серікбай семсерлесуден әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Қазақстан семсерлесу федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, алдын ала жекпе-жектерден сәтті өткен Адема ширек финалда Өзбекстан спортшысын 15:9 есебімен жеңді.

Алайда жартылай финалда қазақстандық семсерлесуші Оңтүстік Кореядан келген Ким Наэден жеңіліс тапты. Жеңіліске қарамастан, Адема әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.