Футбол • 06 Қараша, 2022

«Астана» футбол клубы Қазақстан чемпионы атанды

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» футбол клубы өз тарихында жетінші рет Қазақстан чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Астана» футбол клубы Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 26-турындағы бес ойынның қорытындысы бойынша «Астана» футбол клубы осы маусымдағы ең үздік команда болды.

Ел чемпионы соңғы турда белгілі болды. Бұл атақтан «Астана» мен «Ақтөбе» командалары үміткер еді.

Аталған турда  сырт алаңда Қарағандының «Шахтер» командасымен кездесті. Тартысты ойында «Астана» клубы 3:2 есебімен  басым түсіп, биылғы ел чемпионы атағына ие болды.

Ал, «Ақтөбе» өз алаңында Алматының «Қайрат» командасын қабылдады. Кездесуде алматылық Жоао Паоло 33-минутта есеп ашты. Одан кейін алаң иелерінен Әлібек Қасым 38-минутта пенальтиден мүлт кетпесе, Рожерио дус Сантус Алвес 49, 51-минутта қос голдың авторы атанды. Екінші кезеңде ақтөбелік командадан Арман Кеңесов 69-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Кездесуде «Ақтөбе» қарсыласын 4:1 есебімен жеңіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Алдағы уақытта «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Атырау», «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Ордабасы» (Шымкент) командалары кездеседі.