Биыл қаңтар–қыркүйек айларында елімізде адам саудасына қатысты 81 құқық бұзушылық тіркелген, бұл былтырғымен салыстырғанда 37,2% аз.
Қылмыстың басым бөлігі жезөкшелік айналысу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлыққа қатысты: 44 іс, бір жыл бұрын 75 іс болған (минус 41,3%).
Тағы 11 іс адам саудасына, 9 іс кәмелетке толмағандарды сатуға, 8 іс кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартуға, 6 іс жезөкшелікпен айналысуға, 3 іс қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыруға қатысты болған.
Өңірлер бойынша адам саудасына қатысты құқық бұзушылықтар көбіне Шымкент қаласында тіркелген. Жалпы саны 17 құқық бұзушылық, былтырғыдан 2,1 есе көп.
Одан кейін Астана (13 құқық бұзушылық, 18,2% көбейген) мен Алматы (12 құқық бұзушылық, 40% азайған). Сосын Қостанай (7 құқық бұзушылық, 40% көбейген) мен Қарағанды (5 құқық бұзушылық, 28,6% азайған) облыстары.
Ұлытау және Ақтөбе облыстарында бірде-бір құқық бұзушылық тіркелмеген.
Нақты жеке тұлғалар зардап шеккен құқық бұзушылықтарға келсек, ҚР-да адам саудасынның 9, кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартудың 8, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстаудың 6, кәмелетке толмағандарды сатудың 5, жезөкшелікпен айналысуға тартудың 4 жағдайы тіркелген.
ҚР-да адам саудасына қарсы күрес туралы заң жобасы талқылануда, деп хабарлады ҚР ІІМ.
Жұмыс тобы заң жобасында пайдаланылған негізгі ұғымдарды, заң жобасының қолданылу аясын, қағидаттарын, мақсаттары мен міндеттерін, адам саудасына қарсы іс-қимылды үйлестіру жөніндегі уәкілетті органдардың функцияларын, құқықтары мен міндеттерін, мемлекеттік органдардың құзыретін, заң жобасына қатысты емес коммерциялық ұйымдар және басқа да мәселелерді талқылады.
Заң жобасын енгізу мерзімдері: Әділет министрлігіне - 2023 жыл қаңтар, үкіметке 2023 жылдың ақпанында, парламентке 2023 жылғы сәуірде жетеді.