«Бір апта ішінде Қазақстанда 3022 қылмыс жасалды, оның 1808-і тәулік ішінде ашылды. Полицейлер 6 кісі өлтіру, 3 қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, 29 тонау, 421 бөтеннің мүлкін ұрлау фактілерін әшкереледі», деді ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек онлайн-брифинг барысында.
Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, полиция 55 жастағы алматылықты 80 мың долларға алдаған интернет-алаяқтарды ұстады.