Қоғам • 07 Қараша, 2022

Маңғыстауда 10 мыңдаған бүлдіршін балабақшаға бара алмай жүр

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұндай деректі Маңғыстау облысына сапары кезінде Мемлекет басшысының өзі айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда 10 мыңдаған бүлдіршін балабақшаға бара алмай жүр

«Облыстық білім беру, денсаулық сақтау саласын дамытып, жастарға қолдау көрсету керек. Қазіргі заманда әр азаматтың және тұтас елдің табысты болуына ілім мен білім мол мүмкіндік береді. Сондықтан, білім инфрақұрылымын дамыту және оның сапасын арттыру еліміз үшін басты басымдық болып отыр», деді Президент жергілікті жұртшылықпен кездесуінде.

Сол себепті Мемлекет басшысы ең алдымен, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ісінің қолжетімді болуына назар аудару қажет деп есептейді.

«Маңғыстау облысында балабақша мәселесі толық шешімін таппаған. Мұнда 10 мыңға жуық балаға орын жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін толық пайдалану керек. Биыл өңірде 17 жекеменшік балабақша ашылды. Бұл жұмысты жалғастыру қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.