Аймақтар • 08 Қараша, 2022

Алдағы бес жылда тұщы су тапшылығы 40%-ға жетуі мүмкін

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауды сумен қамтамасыз ететін тазарту жүйесі апатты жағдайда тұр. Бұл мәселеге Президент Атырау облысы жұртшылығымен кездесуінде тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы бес жылда тұщы су тапшылығы 40%-ға жетуі мүмкін

«Бұдан бөлек, жол бойындағы инфрақұрылымды дамытуға баса мән берген жөн. Ұлттық мұнай-химия кешенінің алғашқы кезеңі іске қосылғанда «Атырау – Доссор» жолындағы көлік қозғалысы күрт көбейеді. Сондықтан құзырлы органдар бұл жолды ІІІ санаттан І санатқа ауыстыру мәселесін тез арада шешуге тиіс. Атырау аймағындағы ауылдар бір орталықтан берілетін су жүйесіне қосылмаған. Көптеген елді мекеннің тұрғындары таза суды кейде белгілі бір уақытта ғана алады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мұндай ахуал инфрақұрылым желісі әбден тозғандықтан туындап отыр.

«Мысалы, Атырауды және Мақат ауданын сумен қамтамасыз ететін тазарту жүйесі апатты жағдайда тұр. Алдағы бес жылда тұщы су тапшылығы 40 пайызға жетуі мүмкін. Сондықтан, Үкімет пен облыс әкімдігі сумен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртуға баса назар аударуы қажет», деді Президент.