Қоғам • 08 Қараша, 2022

Ескерткіш орната бергеннен гөрі, спорт нысандарын салған жөн – Президент

1230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Атырау облысы жұртшылығымен кездесуінде спорт инфрақұрылымын дамытып қана қоймай, оны барынша қолжетімді ету де маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ескерткіш орната бергеннен гөрі, спорт нысандарын салған жөн – Президент

«Өңірдегі көптеген спорт нысанына жөндеу жүргізу қажет. Сонымен бірге, республикалық және халықаралық жарыстар өткізетін жаңа спорт кешендерін салу керек. Жалпы, көп шығынды талап етпейтін спорт түрлерін дамытқан жөн. Мысалы, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, садақ ату, қазақша күрес. Бұл қадам, ең алдымен, балаларымызды теріс әдеттен алыстатады және спорт залдарының тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді», деді Президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселерді пысықтауды әкімдікке тапсырды.

«Тағы бір айтайын дегенім, ескерткіштер қоя бергеннен гөрі, спорт және медицина нысандарын салуға баса назар аудару қажет. Бұл Атырау облысына ғана емес, бүкіл елімізге қатысты мәселе», деді Мемлекет басшысы Атырау жұршылығымен кездесуінде.