Аймақтар • 08 Қараша, 2022

Шымкентте кесілген ағаштың орнына 6450 ағаш отырғызылады

553 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте 129 ағашты кескен азамат енді орнына 6 450 жаңа ағаш отырғызуы керек, деп хабарлайды Egemen.kz Vera.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Шымкентте кесілген ағаштың орнына 6450 ағаш отырғызылады

«Жасыл аумақтарды қорғау ережесіне сәйкес, ол айыппұл төлеп, 50 есе көлемінде ағаш отырғызуға міндеттеледі, яғни осы 129 ағаштың орнына 6450 ағаш отырғызуы керек. Ол мұны кескен ағаш орнынан 1 км радиуста жасауы керек. Егер бұл периметрде орын болмаса, қайда отырғызуға болатын жерді айтамыз. Атқарылған жұмыс туралы жазбаша және фотосуреттер арқылы хабардар етеді», деді абаттандыру және орман шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Сейітжанов.

Сондай-ақ аталған азамат отырғызылған ағаштардыцңә" үш жыл бойы күтуге міндеттеледі. Сәтсіздіктер болған жағдайда қайта жаңаларын отырғызуы керек. 

Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабының 3-бөлігі «Ағаштарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау» бойынша жүргізілуде.

Басылым бұған дейін Гагарин көшесінде ағаш өңдеушілер түнде 129 ағашты кескенін жазған. Келтірілген шығын 4 миллион теңгені құрады.