Қазақстан • 08 Қараша, 2022

Сианьда Қазақстанның Бас консулдығы ашылады

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Сиань қаласында (Қытай Халық Республикасы) Бас консулдығын ашу туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сианьда Қазақстанның Бас консулдығы ашылады

«Сиань қаласында (Қытай Халық Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын», делінген құжатта.

ҚР Үкіметіне Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

СІМ түсіндіргендей, Сиань қаласында ҚР Бас консулдығының ашылуы бірінші кезекте республиканың осы бағыттағы консулдық қызметін күшейтеді, сондай-ақ өңірде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық (қазақстандық экспортты ілгерілету, инвестициялар тарту және бірлескен кәсіпорындар құру) саласындағы жұмысты жүйелі негізде құруға мүмкіндік береді.