Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлімі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Қонаев қаласы Полиция басқармасының полицейлері есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды транзиттік тасымалдау арналарын жабу, сондай-ақ есірткі құралдарын сақтаумен және таратумен айналысатын адамдардың қылмыстық әрекеттерін анықтау және жолын кесу жөнінде шаралар қабылдауда.