Қоғам • 09 Қараша, 2022

Рақымшылыққа ілікті

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаралы қаңтар оқиғасындағы тәртіпсіздіктерге қатысып, істі болған жеті павлодарлық азамат рақымшылыққа ілікті. Олардың біреуі түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатса, өзгесі – пробация қызметінің есебінде тұрғандар.

Рақымшылыққа ілікті

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, қаңтар оқиғасына қатысқаны үшін сотталған жеті жерлесімізге рақымшылық жасалатын болды.

– Сотталған азаматтардың біреуі №45 түзеу мекемесінде жазасын өтеуде. Заңға сәйкес ол жақында босатылады деп күтілуде. Тағы алты адам про­бация қызметінің есебін­де тір­келген. Оның екеуі та­ғайын­далған жазадан то­лық­тай құ­тыл­са, өзгелеріне бел­гі­лен­ген жаза мерзімі қыс­қар­тылады. Бар­лық сотталушы­ бойынша мате­риалдар сот­қа жіберілді, олар­дың ісі жақын­да қаралады, – дейді жауапты департаменттің бастығы Әді­лет Мұстафинов.

Рақымшылық туралы заң талаптарына сәйкес, сотталушылар сот процесінен соң бірден босатылады. Өңірдегі қаңтар оқиғасындағы тәртіпсіздікке қатысқаны үшін ұсталып, жазасын өтеп жатқандардың жас шамалары 22-ден 33 жасқа дейін. Олардың бесеуі – облыс орталығының, қалғандары аудандардың тұрғындары. Үшеуі­нің отбасы бар. Қылмыс­тық кодекстің 272-бабына сәй­кес, бұл азаматтарға әртүрлі мер­зім тағайындалған.

 

ПАВЛОДАР