Парламент • 09 Қараша, 2022

Мәжіліс тағы бір депутатпен толықты

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық Сайлау комитетінің отырысында Парламент Мәжілісінің депутаты Фуат Сатыбаевты тіркеу туралы қаулы қабылданды, деп жазады Egemen.kz.

Мәжіліс тағы бір депутатпен толықты

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және «Ақ жол» демократиялық партиясы ұлттық кеңесінің 5 қарашадағы № 1 қаулысына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:

- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Ақ жол» ҚДП қоғамдық бірлестігінің мүшесі Фуат Сайдахметұлы Сатыбаевқа берілсін.

- Фуат Сатыбаев Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.

- Фуат Сатыбаевқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.

Тапсыру барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Фуат Сатыбаевтың Павлодар облысында хирург-дәрігер, денсаулық сақтаудың құрметті қызметкері ретінде танымал екенін атап өтті.

2021 жылғы 10 қаңтарда «Ақжол» партиясынан VII сайланған Павлодар облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.

VII шақырылған облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

Соңғы жаңалықтар

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10

Ауыл балаларының қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Бар ізгілік – білімде

Қоғам • Бүгін, 09:40

Сөзге салынған шынжыр кісен

Әдебиет • Бүгін, 09:35

Жүрек тулатқан жырлар

Руханият • Бүгін, 09:30