Теннис • 09 Қараша, 2022

Қазақстан Билли Джин Кинг кубогын жеңіспен бастады

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шотландияның Глазго қаласында Билли Джин Кинг кубогының топтық кезеңінде Қазақстан құрамасы Ұлыбритания командасына қарсы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Билли Джин Кинг кубогын жеңіспен бастады

сурет: sports.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева алғашқы кездесуінде ағылшын спортшысы Кейт Бултермен кездесті.

Үш сетте Путинцева 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Аталған матч 2 сағат 10 минутқа созылған.

Ойынның екінші кездесуінде Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ұлыбританиялық Харриет Дартпен кездеседі.