Теннис • 09 Қараша, 2022

Теннистен әлем чемпионаты: Қазақстан Ұлыбритания құрамасын жеңді

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шотландияның Глазго қаласында теннистен командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде С тобында Қазақстан Ұлыбритаия құрамасын жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Теннистен әлем чемпионаты: Қазақстан Ұлыбритания құрамасын жеңді

«Екінші кездесуде Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина мен дүниежүзілік рейтингте 98-сатыда тұрған Хэрриет Дарт кортқа шықты. Бірінші партияда есеп 1:1 болғаннан кейін Рыбакина дес бермей, қатарынан бес ойынды алды - 6:1. Екінші сетті қазақстандық спортшы 2:0 есебімен сәтті бастағанымен, Дарт таразы басын теңестірді. Есеп 4:4 болған мезетте Елена тағы бір брейкке қол жеткізді. Содан кейін матчқа доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4», делінген ҚТФ хабарламасында.

Осылайша, Қазақстан 2:0 есебімен алға шықты. Енді қалған жұптық бәсеке ештеңені шешпейді.

Сәрсенбі күні қазақстандық қыздар С тобында Испаниямен шеберлік сынасады. Оны жеңсе, жартылай финалға жолдама алмақ.