Оқиға • 09 Қараша, 2022

Елордада автобус аялдамасынан ер адамның денесі табылды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 8:20 шамасында «102» каналына Бөгенбай батыр даңғылындағы «Көктем СҮ» аялдамасынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау түскен, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық ПД қызметіне сілтеме жасап.

Елордада автобус аялдамасынан ер адамның денесі табылды

Полицейлер оқиға орнына келгеннен кейін мәлімет расталып, аялдамада табылған 51 жастағы ер адамның мәйіті екені анықталды.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.