Саясат • 09 Қараша, 2022

Тұңғыш Президент туралы заң жыл соңына дейін күшін жояды

545 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саировтың айтуынша, «Елбасы туралы» заң жыл соңына дейін күшін жояды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұңғыш Президент туралы заң жыл соңына дейін күшін жояды

Е.Саировтың айтуынша, қазір Мәжілістің бейіндік комитетінде «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» заңның күшін жою бойынша жұмыс жүріп жатыр.

«Депутаттардан «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» заңның күшін жою туралы мәселе жиі сұралады. Қазір бейіндік комитетте жұмыс жүріп жатыр. Жыл соңына дейін аталған заң өзінің заңды күшін жояды», деді ол.

Айта кетсек, референдумнан кейін Конституциядан Елбасыға қатысты тармақтар алынып тасталған.

«Конституцияда Елбасының саяси рөлі немесе басқа да еңбегі туралы айтылмайды. Қазір Конституцияға сәйкес заңнамалық актілерді келтіру процесі жүріп жатыр. Бұл үдерісте «Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» заң өзінің заңды күшін жоғалтады», деп қосты Ерлан Саиров.

Еске сала кетсек, 2022 жылғы 16 маусымда Парламент Сенатының кулуарында Әділет министрі Қанат Мусин Елбасының өкілеттігі туралы Конституциялық заңның жойылатынын мәлімдеген еді.