Аймақтар • 09 Қараша, 2022

Жетісу облысындағы әкім резиденциясы балаларды оңалту орталығына айналды

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Панфилов ауданында бұрын облыс әкімінің резиденциясы болған ғимарат «Мерей» балаларды оңалту орталығы ретінде ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу облысындағы әкім резиденциясы балаларды оңалту орталығына айналды

н

Ғимаратты жаңғырту жұмыстарына, қажетті құрал-жабдықтар мен жиһаздар сатып алуға 80 млн теңге жұмсалған. Орталықта Монтессори кабинеті, физиотерапия, емдік дене шынықтыру, сол сияқты сенсор, массаж, процедуралық кабинеттер, логопед, дефектолог бөлмелері, тұз шахтасы, бассейн және т.б бар.

н

Екі корпустан тұратын ғимараттың жалпы алаңы 910,4 шаршы метр. Нысан 40 орынға лайықталған. 

Сондай-ақ биыл Жетісу облысының Алакөл, Сарқан, Қаратал аудандарында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған жалпы саны 140 орынды оңалту орталықтары ашылған.