Қазақстан • 09 Қараша, 2022

Ел қорғаны

399 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының түлектерімен және курсанттарымен кездесу өткізді.

Ел қорғаны

Қорғаныс министрлігі 2011 жылдан бері Қарулы Күш­тердің сапалы офицерлер корпусын қалыптастыру жө­ніндегі бағдарламаға сәй­кес, жоғары оқу орындары тү­лектерінің тағдырын жіті қа­да­ғалап отырады. Бұл жол­ғы кездесуге 2020 жылы әске­ри институтты бітірген, қыз­мет­те жетістікке жеткен жә­не жоғары лауазымдарға та­ғайын­­далған 12 офицер шақы­рылды.

Институттан соң олар түр­лі лауазымдар атқара жүріп, тәлімгерлерінің сенімінен шыға білгенін айта кету керек. Жиналғандарға жас офицерлердің қызметтегі же­тістіктері туралы бейнероликтер көрсетілді.

– Бүгін біз әскери оқу ор­нының үздік түлектеріне құрмет көрсетіп отырмыз. Бұл – мен үшін үлкен мақ­таныш. Осыдан қырық жыл бұрын сіздер секілді мен де Алматы жоғары жалпы әс­кери командалық учи­ли­щесіне оқуға түсіп, көпте­ген офицер сияқты 1987 жылы бітіріп шықтым. Өмір­де АВОКУ түлегі деген абырой­лы атақты лайықты алып жүр­міз, – деді генерал-полков­ник Руслан Жақсы­лықов.

Ведомство басшысы сон­­дай-ақ мәдениеті жоға­ры, ұйымдастырушылық қабі­летке ие үздік түлектер өз ісінің нағыз кәсіпқойлары еліміздің Қарулы Күште­рінде жүргізіліп жат­қан рефор­малардың локомоти­віне айналатынын атап өтті.

– Қазақстан армиясының болашағы сіздер. Сол себеп­ті Қарулы Күштерді одан әрі дамыту, мемлекеттің тұ­­рақтылығы мен қауіп­сіздігіне кепілі боларлық әске­ри білім­нің барлық спектріне ие болуларыңыз керек, – деді қор­ғаныс ве­дом­ствосының басшысы жас офицерлерге.

Кездесуде Құрлық әс­керлері әскери институтының түлегі аға лейтенант Темірлан Дәуренбекұлы сөз сөйледі. Ол өздеріне жан-жақты бі­лім берген оқытушылар құра­мы мен командирлер­ге алғысын білдіріп, қорғаныс министріне жас офицерлердің жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайын екенін және Құрлық әскерлері әске­ри институтының түлегі атағын лайықты алып жүруге бар күшін салатынын жеткізді.

Жиында әскери оқу ор­нының түлегі аға лейтенант Диас Нұриаменнің анасы Әсем Балапанова сөз алып, Сағадат Нұрмағамбетов атын­дағы Құрлық әскерлері әс­кери институтының ұжы­­мына ризашылығын біл­дірді.

– Менің ұлым 2020 жы­лы институтты қызыл дипломмен бітірді. Мен оның Қарулы Күштер қатарында қызмет атқаратынын мақтан тұтамын. Отан қорғау оңай жұмыс емес. Ашық аспан астындағы бейбіт еліміз гүл­дене берсін, – деген Әсем Балапанова барлық аналарға ақ тілегін жеткізді.

Жас командирлер «Қазақ­стан Республикасының Қа­рулы Күштеріне 30 жыл» естелік белгісімен марапатталып, оларға армияның құ­рылуы мен қалыптасуы туралы кітап тапсырылды.