9 қарашада ел бойынша 58 адам COVID-19 жұқтырғаны анықталып отыр. Тағы 5 адамда коронавирус белгісі болғанымен, ПТР нәтижесі теріс шыққан.
Бүгінде КВИ бойынша 725 адам емделіп жатыр. Оның ішінде 576 науқастың нәтижесі оң, ал 149 адамның ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен. 68 пациент стационарларда, 657 пациент амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Сондай-ақ қазір 7 науқас ауыр, 2 науқас өте ауыр жағдайда. 1 емделуші желдеткішке қосылған.