Әлем • 10 Қараша, 2022

Владимир Путин G20 саммитіне қатыспайды

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей президенті Владимир Путин 15-16 қарашада Индонезияның Бали аралында өтетін G20 елдері көшбасшыларының кездесуіне қатыспайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Владимир Путин G20 саммитіне қатыспайды

Reuters агенттігі Ресейдің атынан Сыртқы істер министрі Сергей Лавров онлайн форматта қатысатынын жазды. Бұл туралы Индонезияның теңіз істері және инвестициялар жөніндегі үйлестіруші министрінің баспасөз хатшысы Джоди Махардия хабарлаған.

Владимир Путин саммит шеңберіндегі кездесулердің біріне қашықтан қосыла алады.

Айта кетсек, америкалық миллиардер Илон Маск G20 саммиті аясында өтетін бизнес көшбасшыларының халықаралық кездесуінде сөз сөйлейтінін растаған еді.