Үкімет • 10 Қараша, 2022

Қазақстан азаматтығын аларда кімдерге тіл білу талап етілмейді?

586 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр қандай жағдайда Қазақстан азаматтығын алуға қазақ тілін білмеу кедергі келтірмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан азаматтығын аларда кімдерге тіл білу талап етілмейді?

Үкімет басшысының айтуынша, этникалық қазақтарға, кәмелетке толмағандарға, жақын туыстары Қазақстанда тұратын шетелдіктерге, жұбайы қазақ немесе шетелде тұратын қазақтарға, Қазақстан алдында ерекше еңбегі еленген азаматтарға қазақ тілін білу талап етілмейді.

Қалғандардың барлығы Қазақстан азаматы болу үшін қазақ тілін білуі керек. Смайыловтың айтуынша, бұл азаматтық алған адамдардың қоғамға тез бейімделуіне мүмкіндік береді.

«Сондықтан мұндай емтихан тапсыру керек деп есептейміз. Бұл нормалар қазір Үкіметпен келісу сатысында. Жақын арада заң жобасы Парламентке жолданады. Жалпы біз бұл нормаларды қолдаймыз және оларды заңнамаға енгізу қажет деп есептейміз. Мұндай жоба халықаралық тәжірибеде бар. Көптеген елдерде азаматтық алу үшін мемлекеттік тіл мен тарихты білу, сондай-ақ тиісті емтихан тапсыру қажет. Мысалы, Германияда, Түркияда, Канадада, Ресей Федерациясында осындай талаптар бар. Сондай-ақ қылмыс жасаған адамдар азаматтық алуға өтініш бере алмайтынын атап өткім келеді», деді Премьер-Министр Сенат отырысында.