Әлем • 10 Қараша, 2022

Қытайда коронавирустың жаңа толқыны басталды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың үш ірі мегаполисі – Гуанчжоу, Чунцин және Бейжіңде коронавирустың жаңа толқыны пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытайда коронавирустың жаңа толқыны басталды

ҚХР Денсаулық сақтау және гигиена мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің деректеріне сәйкес, өткен тәулікте Қытайда коронавирус жұқтырудың 9 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркелді. Оның ішінде Гуанчжоуда - 2,5 мыңнан астам адам, Чунцинде – 750-ден астам адам, Бейжіңде - 100-ге жуық адам қауіпті вирус жұқтырған.

Ведомствоның мәліметінше, 9 мыңнан астам адамның 85%-ында ауру белгілері анықталмаған.

Соңғы күндері Бейжіңде инфекция жұқтыру деректерінің өскені байқалды. Қытай астанасында инфекция қаупі жоғары 200-ге жуық тұрғын үй бар.

Айта кетсек, осы жылдың тамыз айынан бастап Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық ауданында күрделі эпидемиологиялық жағдай байқалады. Өткен тәулікте Шыңжаңда COVID-19 инфекциясының 700-ге жуық жағдайы анықталды. Жағдайлардың басым көпшілігі Үрімші қаласына тиесілі.

Соңғы жаңалықтар

Табиғат сынағына тосқауыл

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Келелі кеңес келешегі

Пікір • Бүгін, 08:58

Сот төрелігіне сенім артып келеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:55

Астықтан – азыққа дейін...

Өндіріс • Бүгін, 08:40

Алғыс арқалаған әкім

Қоғам • Бүгін, 08:38

Интернатта оқып жүр...

Білім • Бүгін, 08:28

Жамбыл бабадан бата алған

Зерде • Бүгін, 08:25