Аймақтар • 10 Қараша, 2022

Шымкентте Түркия консулдығы ашылды

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу оңтүстік мегаполистегі консулдықтың ашылу салтанатына келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте Түркия консулдығы ашылды

Мевлүт Чавушоғлу консулдықтың ашылуы көптеген мәселелердің шешілуіне және екі халықтың бауырластығын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ жақын арада Түркістанда Түркияның бас консулдығы ашылады. Түркиядан келген қонақ Шымкент қаласының әкімімен бірге түрік қоғамының өкілдерімен кездесті.

«Біз Шымкенттегі Түркия консулдығының ашылуына келдік. Жақында Түркістанда Түркияның бас консулдығын ашамыз. Бауырлас қазақстандықтар мен Түркия арасында сапалы қызмет көрсетіледі деп сенеміз. Бізді жақсы қабылдағанына өте қуаныштымыз, көп рахмет», деді Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу.

Сондай-ақ Түркияның Сыртқы істер министрі қазақтар мен түріктердің ғасырлар бойы бауырлас халық болғанын, олардың достығы жылдар өткен сайын нығая түсетінін атап өтті.

«Қазақстан Президенті Түркияға келгенде мемлекет басшысымен бірге достығымызды нығайту мақсатында көптеген келісімдерге қол қойдық. Біз Астанада да маңызды құжаттарға қол қойдық, қалай қарасаңыз да, біз бауырлас халықпыз, достығымыз бұдан әрі нығая түседі», деді Түркия сыртқы істер министрі.