Саясат • 10 Қараша, 2022

Түркі мемлекеттері ұйымы СІМ басшыларының кездесуі өтті

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркі мемлекеттері ұйымының 9-шы саммиті қарсаңында Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркі мемлекеттері ұйымы СІМ басшыларының кездесуі өтті

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді басқарды.

СІМ басшысы өз сөзінде Қазақстанның түркі ынтымақтастық ұйымдары шеңберіндегі өз міндеттемелеріне берік ұстанымын және мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын одан әрі дамытуға, экономикалық және мәдени өзара іс-қимылын нығайтуға, сондай-ақ Ұйымның тиімділігін арттыруға үлес қосуға дайын екендігін жеткізді.

И

Жиын қатысушылары ТМҰ мемлекеттері басшыларының қатысуымен өтетін 9-шы саммиттің күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады, атап айтқанда, іс-шара барысында қол қоюға және қабылдауға жоспарланған құжаттар мен шешімдердің жобалары бекітілді.

О