Аймақтар • 11 Қараша, 2022

Жетісулық «Жедел жәрдем» стансасы санитарлық автокөлікпен толық қамтылды

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорғанда жаңа жедел жәрдем машиналарының кілттерін тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жетісулық «Жедел жәрдем» стансасы санитарлық автокөлікпен толық қамтылды

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірлік жедел жәрдем стансысы орталығының директоры Савелий Пакқа 40 жаңа «Жедел жәрдем» көлігінің кілтін тапсырды.

Өткен жылы сатып алынған 35 санитарлық автомашинаны есепке алсақ, стансының арнайы көлікпен қамтамасыз етілуі 100%-ға, ал халық санына шаққандағы бригадаларының саны 75-ке жетіп отыр. Жалпы 10 мың адамға 1 бригада деп есептеледі, ал облыстағы халық санының 667 мың адам екенін ескерсек, бригада саны тиісті мөлшерден асып отыр. 

Жедел жәрдем кареталары барлық қажетті құралдармен, атап айтқанда өкпені жасанды желдететін «Wienman» аппараттары, дистанциялық электрокардиограф, «Corpuls» дефибрилляторы, «Accuvac pro Wienman» электр аспираторы, омыртқаны қозғалтпай ұстауға арналған дип-панель, реанимацияға арналған орын, оттегі баллондары, пациентті тасымалдау кезінде пайдаланылатын арнайы төсек, жұмсақ зембілдермен жабдықталған.