Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының атынан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов пен еңбек сіңірген спорт шебері Сәкен Бибосынов Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан бокстан Азия біріншілігінің жартылай финалдық кездесулерінде жеңіске жетті.
51 келіге дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов төрешілердің бірауыздан шешімімен әлем чемпионы атағы бар жапондық Томои Цубоидан басым түсті.
Ал 71 келіге дейінгі салмақта Асланбек Шымбергенов моңғол боксшысы Бямберден Отгонбаатарды жеңді.
Алдағы ақтық сайыста әскер спортшылары бірінші жүлде үшін жұдырықтаспақ.
Сәкен Бибосыновқа 2016 жылы Олимпиада чемпионы атанған өзбекстандық Хасанбой Дусматов, ал Асланбек Шымбергеновке – иорданиялық Зеяд Ишайш қарсылас болмақ. Шешуші жекпе-жектер 12 қарашада өтеді.