Бизнес • 11 Қараша, 2022

Қазақстанда 34,2 мың жас кәсіпкер бар

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, елімізде 34,2 мың заңды тұлға жұмыс істейді, олардың басым бөлігі 29 жасқа дейінгі тұлғалар, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Қазақстанда 34,2 мың жас кәсіпкер бар

Finprom деректеріне қарағанда, 29 жасқа дейінгі меншік иелері еліміздің ірі мегаполистерінде жұмыс істейтіні байқалады. Олар жалпы компаниялардың 57,9%-ын құрады. Мәселен, Алматыда аталған сектордың 9,2 мың компаниясы жұмыс істейді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға артық. Астанада 7,8 мың жас заңды тұлға тіркелсе, Шымкенттегі 2,8 мың кәсіпорынды 29 жасқа жетпеген басшылар басқарады.

Жас кәсіпкерлерге тиесілі компаниялардың ең аз бөлігі Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарына орналасқан.

Мұндай заңды тұлғалар көбінесе көтерме және бөлшек сауда, автожөндеу саласымен айналысады. Жас меншік иелері жетекшілік ететін компаниялар арасында мемлекеттік басқару және қорғаныс, жылу, электр және сумен жабдықтау, қалдықтарды жою сияқты салалар жиі кездеседі.