Қаржы • 11 Қараша, 2022

Несие портфелі: Қай банктердің нәтижесі жақсы?

201 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандық банктердің несие портфелі бір айда 2,3%-ға өсіп, осы жылдың 1 қазанында 22,3 трлн теңгеге жетті. Жылдық өсім 23,3%-ды көрсеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Несие портфелі: Қай банктердің нәтижесі жақсы?

Bank RBK ай сайынғы өсім бойынша елдегі ең ірі кредитор-банктер арасында көшбасшы болып келеді. Жылдық динамика бойынша банк портфелі бір жарым есеге өскен. Банк кәсiпкерлiк субъектiлерiн де, халықты да несиелейдi, ал жеке тұлғаларға өте үлкен сомаға ұзақ мерзiмдi несиелер ұсынады. 

 

п

Несие портфелінің ай сайынғы өсімі бойынша екінші орынға ЦентрКредит банкі жайғасқан. Мұнда 8,8% қосымша өсім бар. Бұл шамамен 2 трлн теңгеге жуық қаржы төңірегіндегі көрсеткіш. Банк портфелінің жылдық өсімі 61,9%-ды құрады. Соңғы айлардағы мұндай өсім атауын Eco Center Bank деп өзгерткен ресейлік бұрынғы еншілес ұйым Альфа-банкті өзіне қосып алғаннан кейін байқалды. Естеріңізде болса, биылғы қыркүйекте Eco Center Bank өз қызметін тоқтатқанын жариялаған еді.

Үздік үштікті Еуразиялық банк түйіндейді. Банктің ай сайынғы плюсі 4,3%. Бір жыл ішінде банк портфелі 51,3%-ға өскен. Төлемді ұзақ уақыт кешіктіретін несие өтеушілердің бұл банктегі үлесі 6,6% құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 8,9 пайыз шегінде тұраұталған. 

Қазіргі уақытта нашар үрдісі басым банктердің ондығын бұрынғы ресейлік, кейін «Бәйтерек» ҰБХ тұлғасында мемлекетке өткен Bereke Bank (мәміле биылғы 2 қыркүйекте аяқталды) бастап келеді. Бір айда банк портфелі 4,3%-ға, бір жыл ішінде бірден 45%-ға қысқарған. Банк портфеліндегі NPL 90+ үлесі 8,3%-ға жеткен. Бір ай бұрын бұл деңгей 7,9% және бір жыл бұрын 5,1% болған. 

о

Қазақстандағы 21 екінші деңгейлі банктер арасында ай сайынғы динамика бойынша 15 қаржы институты, ал жылдық мәнде 17 банк табысты жұмыс істеп келеді.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15