Президент • 11 Қараша, 2022

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының маңызына тоқталды

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркі мемлекеттері ұйымының рөлі артып келеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінде сөйлейтін сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының маңызына тоқталды

«Бүгінде Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық рөлі артып келеді. Біз Түркі әлемінің атажұрты ретінде өздеріңізбен жан-жақты қарым-қатынасты дамытуға айрықша мән береміз. Сондықтан, ықпалдастығымызды одан әрі нығайтуға және оны жаңа белеске көтеруге мүдделіміз», деді Президент.

Мемлекет басшысы сондай-ақ  Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының көпшілігіне Қазақстан бастамашы болғанын атап өтті. 

«Түркі ынтымақтастығына ұйытқы болған ұйымдардың тарихын зерделесек, олардың көпшілігіне Қазақстан бастамашы болғанын көреміз. ТҮРКСОЙ, ТүркПА және Түркі Академиясы – соның айқын дәлелі. Бұл ұйымдар бауырлас елдердің мәдени-рухани жақындасуына өлшеусіз үлес қосып отыр», деді Қ.Тоқаев.