Президент • 11 Қараша, 2022

Қазақстанда ІІ Түркі универсиадасы өтеді

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Түркі елдері университеттерінің ортақ желісін құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда ІІ Түркі универсиадасы өтеді

«Түркі мемлекеттерінің білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығын нығайту қажет. Осыған орай, біз 2023 жылы Қазақстанда ІІ Түркі универсиадасын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Оны Түркі университеттері одағы аясында өткізуге болады», деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Бұл ретте, Мемлекет басшысы түркі мемлекеттері арасында жоғары оқу орындарының бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру қажет деп санайды.

«Біз академиялық ұтқырлықты дамытып, студенттер арасында мәдениетаралық диалог орнатуға жағдай жасауымыз керек. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру қажет. Сондықтан, 2023 жылы Түркі елдері университеттерінің ортақ желісін құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын. Бұл бастама студенттеріміздің түркі тілдерін үйреніп, бауырлас елдердің тыныс-тіршілігімен танысуына жол ашады», деп түйіндеді Президент.