Президент • 11 Қараша, 2022

Қ.Тоқаев: ТМҰ Үйлестіру комитетінің қызметін жандандыру қажет

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қ.Тоқаев: ТМҰ Үйлестіру комитетінің қызметін жандандыру қажет

«Түркі мемлекеттері ұйымы мен басқа да құрылымдарды жүйелеп, орнықтыратын кез келді деп ойлаймын. Қазір Ұйым хатшылығына жүктелетін жауапкершілік артты. Сондықтан Түркі кеңесін құру жөніндегі Нахчыван келісімінің 13-ші бабындағы Тұрақты өкілдер туралы мәселені қарастыруды ұсынамын. Олар өзара іс-қимылымызды үйлестіру ісінде маңызды рөл атқарар еді», деді ел Президенті.

Мемлекет басшысы сондай-ақ ұйымдарды тиімді пайдалану үшін VII Саммитте құрылған Үйлестіру комитетінің қызметін жандандыру қажет екенін атап өтті.

«Түркі жұртының түрлі саладағы байланысын бекемдейтін бірнеше құрылым бар (яғни, Ұйым Хатшылығы, ТүркПА, Түрксой, Түркі академиясы, Түркі мәдениеті және мұрасы қоры). Бірақ, кей жағдайда олардың міндеттері қайталанып жатады. Бұл ұйымдарды тиімді пайдалану үшін VII Саммитте құрылған Үйлестіру комитетінің қызметін жандандыру қажет. Комитет бұл құрылымдардың жұмысын дұрыс үйлестіре білсе, олар бірін-бірі толықтыра түсер еді», деді Қ.Тоқаев.