Парламент • 11 Қараша, 2021

Өңірлерді газбен жабдықтауға қосымша 14 млрд теңге бөлінді

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаторлар өңірлерді дамытуға қосымша бюджет бөлді, деп жазады Egemen.kz.

Өңірлерді газбен жабдықтауға қосымша 14 млрд теңге бөлінді

Сенаторлар республикалық бюджет жобасын Палата қабырғасында қарау кезінде оған жүзден астам ұсыныс енгізді.

Депутаттар ауылдағы өмірді жақсарту үшін ауыл жолдары мен көпірлерін салуға және жөндеуге қосымша 13,7 млрд теңге бөлуді ұсынған.

Сондай-ақ сумен жабдықтау мәселесі де депутаттардың назарынан тыс қалмапты: су құбыры желісін салуға және жаңғыртуға қосымша 22,2 млрд теңге бөлінді. Осының арқасында қала тұрғындарының 99%-ы және ауыл тұрғындарының 96%-ы таза ауыз су алатын болды.

Сенаторлар газдандыру мәселесіне де көңіл аударып, газбен жабдықтауға қосымша 14 млрд теңге бөлу жөнінде ұсыныстар енгізді.

Бұл туралы Сенат отырысында Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Серікбай Трұмов айтты.

«Осы заң жобасын талқылау барысында тұрақты комитеттер мен депутаттардан өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде 113 ұсыныс түсті. Үш жылдық кезеңге барлығы 71,8 млрд теңге соманың, оның ішінде 2023 жылға 30,0 млрд теңгенің ұсынысы қолдау тапты. Үкімет резервін қайта бөлу есебінен шығыстар ұлғаятын болады», деді Серікбай Трумов.