Қазақстан • 11 Қараша, 2022

Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеді

1179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында елімізде 299,7 мың сәби дүниеге келген, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеді

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,5%-ға аз бала дүниеге келген. 1000 адамға шаққандағы жалпы туу коэфициенті - 20,41 сәби.

Аталған кезеңде 101,7 мың адам қайтыс болды, бұл 2021 жылдың алғашқы тоғыз айына қарағанда 26,1% аз (137,6 мың адам). Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға - 6,92 қайтыс болған.

2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында республикада 1 жасқа дейінгі 2 453 нәрестенің шетінеуі тіркелді. Былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 8,5%-ға кеміді. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 жаңа туған балаға - 8,18 оқиға.