Қаржы • 11 Қараша, 2022

Доллар бағамы 7 теңгеге арзандады

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы да құлдырады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Доллар бағамы 7 теңгеге арзандады

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 6,72 теңгеге төмендеп, 462,01 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 11 қарашадағы  бір долларға арналған ресми бағамы 469,42 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 463,45 теңгеден сатып алынып, 466,29 теңгеден сатылуда. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 464,29 теңге, сату – 468,71 теңге.