Мән-жайды анықтау барысында тұрғын үй кешенінің 14-қабатындағы құрылыс жұмысы барысында екі жұмысшының жерге құлап кеткені анықталды.
Зардап шеккендердің бірі алған жарақаттарынан сол жерде жан тапсырды, екіншісі ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.