Медицина • 12 Қараша, 2022

12 қараша - дүниежүзілік пневмониямен күрес күні

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәл осы күні  ДДҰ ЮНИСЕФ-пен бірлесіп пневмонияның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі жаһандық іс-қимыл жоспарын жариялаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

12 қараша - дүниежүзілік пневмониямен күрес күні

Пневмония дүние жүзінде ересектер мен балалар өліміне жиі себеп болады. Әлем бойынша 2019 жылы 2,5 миллион адам, оның ішінде 672 000 бала пневмониядан қайтыс болған. Қазақстанда пневмониядан болатын аурушаңдық пен өлім-жітім коронавирусқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда әлдеқайда көбейіп кеткен.

Елімізде 2023-2025 жылдарға арналған фтизиопульмонологиялық қызметті дамыту жөніндегі Жол картасының жобасы әзірленді. Оның шеңберінде тыныс алу органдарының аурулары кезінде медициналық көмекті халыққа ұйымдастыру, тыныс алу органдарының аурулары кезінде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, тыныс алу органдарының аурулары кезінде көмек көрсету үшін, емдеу-диагностикалық процесті жетілдіру, оның ішінде медициналық ұйымдарды жарақтандырумен қамтамасыз ету, кадрлық әлеуетті дамыту жоспарланып отыр», делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Айта кетейік, тұмауға, пневмококкқа және гемофильді таяқшаға қарсы вакцинацияны қолдану да пневмонияның дамуын болдырмаудың тиімді әдістерінің бірі.