Бокс • 12 Қараша, 2022

Бокстан ел қоржыны тағы бір алтын және екі күміспен толықты

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

71 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Асланбек Шымбергенов Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бокстан ел қоржыны тағы бір алтын және екі күміспен толықты

Отандасымыз финалда Азия чемпионатын өткізіп жатқан Иордания елінің боксшысынан басым түсті.

Сондай-ақ 67 келіде өнер көрсететін Дулат Бекбауов Таиланд елінің боксшысы Бунджонг Синсириден 3:2 есебімен жеңілді.

Ал 75 келі салмақта сынға түскен Нұрқанат Райыс өзбек спортшысы  Саиджамшид Джафаровпен үш раунд жұдырықтасты. Төрешілер шешімімен жеңіс өзбекстандық боксшының уысында кетті.

Айта кетейік, қазақстандық спортшылар әзірге 2 алтын 5 күміс иеленді.

Соңғы жаңалықтар